Бүгін ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов 2020 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады

Бүгін ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов 2020 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады

Бостандық ауданы — бұл Алматы қаласының ірі әкімшілік, мәдени орталығы.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланы «Шетсіз қала» қағидасы бойынша дамыту тапсырмасына сәйкес «Алматы - 2050» даму Стратегиясы бекітілді. Бұл стратегиялық құжат ең алдымен қаланың өзекті мәселелерін шешуді және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды көздейді.

«Біздің алдымызда Алатау, Ерменсай, Нұрлытау, Жайлау, Көкшоқы, Алмарасан ауылдарына, Қарғалы ауылының бір бөлігі қосылған шағын аудандарды дамыту міндеті тұр. Бірінші кезекте, бұл коммуналдық мәселелерді шешу, көшені жарықтандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту. Жаяу жүргіншілер үшін жайлы орта құру және көшелер мен скверлерді абаттандыру», — деп атап өтті Алтай Рахымбетов.

2020 жылы Бостандық ауданы бойынша: сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту — 3,4 км, жылумен жабдықтау — 515 п. м; сондай-ақ 2,9 км электр желілері салынды, «Алмагүл» ПС-110/10 — 10 кВ учаскесінде қосалқы станция мен электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы басталды, жобаның сомасы-8,6 млрд тг, ұзындығы — 4,8 км. Алматы қаласына қосылған елді мекендерді электрмен жабдықтау желілерін дамыту. «Каскад» ПС-110/35-10кВ құрылысы және қолданыстағы №99А «Жайлау» ПС-110/10 кВ демонтаж жүргізу.

«Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлытау» шағын ауданында Ерменсай тазарту құрылыстарын салуға ЖСҚ әзірленуде. Өнімділігі тәулігіне 9000 текше метр (жоба мемлекеттік сараптамадан өту сатысында). «Нұрлытау» шағын ауданында ұзындығы 42 шақырым болатын сумен жабдықтау және су бұру құрылысына ЖСҚ әзірленуде», — деді аудан әкімі.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін сумен жабдықтау жүйелерімен 4 мың үй қамтылады.

Өткен жылы Әуезов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі іргелес аумақты қамти отырып, Ғабдуллин көшесінің жаяу жүргіншілер аймағына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды («РСП Эталон» ЖШС).

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Мұстафа Өзтүрік көшесіндегі саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қалалық Басқармалар желісі бойынша ауданда келесі жұмыс түрлері жүргізілуде:

- Тұңғыш Президент саябағындағы субұрқақты күрделі жөндеуден өткізу. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылға жоспарланған.

- Достық саябағын қайта құру (Тимирязев к. мен Шашкин көшесінің қиылысы). Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылға жоспарланған.

«2020 жылы ұзындығы 25,7 км болатын 59 көше мен 1 көлік айрығына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ 3,8 км тротуар жөнделді және 13 000 шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді», — деді спикер.

Газдандыру бойынша жекелеген жұмыстар жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда ауданды 100% газбен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ауданда газ құбыры желілерінің ұзындығы 449 км. Өткен жылы 128 жекеменшік үй газдандырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 6 азамат табиғи газға қосылды. Жұмыстар жалғасуда», — деп атап өтті аудан әкімі.

Бостандық ауданында 29 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері архитектуралық формасын сақтай отырып жөнделді.

Бостандық ауданында 1886 көппәтерлі тұрғын үй және 655 аула бар. Ағымдағы жылы 100 аула аумағын күрделі жөндеу және 70 аулаға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.   

«2020 жылы 120 аула аумағы абаттандырылды, сондай-ақ инвесторларды тарту есебінен 20 балалар алаңы абаттандырылды. Ағымдағы жылы 100 аула аумағын күрделі жөндеу және 70 аулаға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Ағымдағы жөндеу жұмыстарымен 130 аула аумағы қамтылады», — деді Алтай Рахымбетов.

Сонымен қатар, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша ТКШ жаңғырту жұмыстары аясында 28 көппәтерлі тұрғын үйге (КПТҮ) күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 8 КПТҮ шатырлары, қасбеттері және инженерлік желілері жөнделді, 20 көппәтерлі тұрғын үйде 45 лифт ауыстырылды.

«Ауданда тарихи үйлер өте көп. Уақыт өте келе бұл үйлер біртіндеп сыртқы келбетін жоғалтады. Дәл осы үйлер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аясында конструктив, архитектуралық формалар өзгерген жоқ – тек қасбеттерді жөндеу және бояу жұмыстары жүргізілді», — деп түсіндірді әкім.

29 КПТҮ-де қасбеттерге ағымдағы жөндеу жүргізілді, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бөлінген қаражат есебінен 24 қасбет жөнделді, инвесторлар 5 қасбетті жөндеді. Биылғы жылы КПТҮ жаңғырту бағдарламасы бойынша 39 КПТҮ жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.