Қала басшысы жұмыс сапарымен Бостандық ауданында болды

Қала басшысы жұмыс сапарымен Бостандық ауданында болды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданында жұмыс сапарымен болып, ондағы құрылыс нысандарын аралап шықты.

Ол азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында салынып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың іске асыру барысымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев қаланың оңтүстік бөлігіндегі Бостандық ауданында жаңадан салынған тұрғын үй массивтеріне 100 МВт электр қуатына қосымша сұранысты қамтамасыз ететін 110 кВ-тық «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылыс барысымен танысты.

Сондай ақ «Хан Тәңірі» шағын ауданда тағы 110кв қосалқы станция салынуда, бұл ескірген желілерді ауыстыруға мүмкіндік беретін және Алатау, Нұрлытау, Ерменсай, Жайлау сияқты шағын аудандардың электр энергиясын үнемдеуі жақсаратын электр қуатын 64 МВт-қа арттыратын жаңа подстанция болмақ.

Бостандық ауданына қосылған бұл жаңа елді мекенде 250 мыңға жуық тұтынушысы бар.