Қар тазалау жұмысы жүргізілді

Қар тазалау жұмысы жүргізілді

Ағымдағы жылдың 28-29 қарашасында жауған қарды тазалауға «Алматы тазалық» ПВХ Бостандық учаскесіндегі КГП мердігері 261 км жолдарды, 176 км тротуарларды, саябақтар, скверлер, бульварлардың жүретін жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер аймақтарын, аялдамаларды, 7 жер үсті және 12 жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін механикаландырылған және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оған 102 бірлік арнайы техника, 300 жол қызметкері жұмылдырылды.

Пайдаланылған құм-тұз қоспасы:

Тұз - 296 тонна

Аралас қоспа - 174 тонна