Бостандық ауданы әкімі аппаратында Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Бостандық ауданы әкімі аппаратында Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Бостандық ауданы әкімі аппаратының  мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары М.Е.Балбаеваның төрағалығымен Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведмствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Шара барысында Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторларымен ұсынылған  2 іс қаралды.

Сонымен қатар, "Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу туралы" тақырыбы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәселе қаралды.

Балалармен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша, комиссия тиісті шешім орындау үшін қабылдады.

Комиссия отырысы бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ережелеріне сәйкес өткізілді.