Ашық әкімдік

Ашық әкімдік

Бүгін, ағымдағы жылдың  27 қараша күні Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасарлары ашық әкімдіктің фронт-кеңсесінде азаматтарды жеке срақтарымен қабылдады.

Бостандықтардың мәселелерін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытына жауапты Серік Адилбаев және халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне жауапты Маржан Балбаева тыңдап, жауап берді.

Қабылдау барысында азаматтарға кеңестер беріліп, олардың өтініштері жеке қаралды.

Қабылдауға 9 адам жазылып түрлі срақтар қойды, олардың ішінде ауланы абаттандыру, жылуды нашар беру, АӘК алу және мүгедектерге арналған call-орталық ашу  сияқты ұсыныстар болды.