«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция басталды

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция басталды

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қараша 10- желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Бостандық ауданының аумағында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Әйелдерге зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды.

Акцияның негізгі міндеттері - қоғам назарын екі шұғыл проблемаға аудару: тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің адам құқықтарын қорғау жөніндегі күш-жігерді біріктіру қызметін жандандыру. Ішкі істер органдары әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасайтын және жасауға бейім адамдарды белсенді түрде анықтап, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу. Сондай-ақ, тиісті мамандармен әйелдердің өздерінің құқықтары мен қорғау нысандары туралы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында іс-шара аясында білім беру және денсаулық сақтау органдары мамандарының қатысуымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар мәселелері бойынша сенім телефонының жұмысын ұйымдастырылған.