Аудан мектептерінде «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстың алдын-алу» туралы онлайн - дәріс оқылды

Аудан мектептерінде «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстың алдын-алу» туралы онлайн - дәріс оқылды

Сексуалдық бостандық пен жыныстық қол сұғылмаушылық жеке адамның конституциялық-құқықтық мәртебесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Конституциясымен кепілдендірілген.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - кәмелетке толмағандарға, әсіресе олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар жасау.

Осы қылмыстардың алдын алу мақсатында Бостандық ауданы ІІБ Ювеналды полиция инспекторлары аудандағы жалпы білім беретін мектептерде тұрақты түрде «Кәмелетке толмағандардың жыныстық адалдығына қарсы қылмыстардың алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізеді. Елімізде орын алған жағдайға байланысты биылғы дәрістер онлайн режімінде өтуде.

Бұл жолғы  8-11 сынып оқушыларымен өткен онлай-дәріс барысында  инспекторлар қауіпсіз мінез-құлық, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері және баланың құқықтары туралы қолданыстағы заңнамалар туралы түсіндірді.

Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ата-аналар мен оқушылар арасында балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қалыптастыру бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ 16 жасқа, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар бойынша жауапкершілікті, соның ішінде жыныстық қатынас үшін жауапкершілікті қарастыратын қолданыстағы қылмыстық заңнаманы түсіндіру жұмыстары күшейтілуде.