Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін, ағымдағы жылдың 20 қарашасында Бостандық ауданы әкімі Рахымбетов Алтай қашықтықты және санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып  азаматтарды жеке қабылдады

Қабылдауда 6 адам жазылып, келді. Олар аула аумағын абаттандыру, құрылыста техникалық талаптардың бұзылуы, материалдық көмек көрсету, жертөлені тазалау және тағы басқа сұрақтар қойды.

Әр  қойылған сұраққа жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

Қабылдауға ТҮКШ, абаттандыру және әлеуметтік сала басқармаларының басшылары қатысты, оларға аудан басшысы мәселелерді одан әрі шешу үшін нақты тапсырмалар берді.

Азаматтардың барлық өтініштері ерекше бақылауға алынды.