Нұротандықтар құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстайды

Нұротандықтар  құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстайды

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бостандық ауданындағы «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы тізіміне енгізілген екі нысанды аралап шықты. Бұл N40 орта мектеп және N81 гимназия.

Тексеру жұмысы кезінде нұротандықтар құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді.

Бақылау барысында өндірістің кестесінен қалып қою және жұмыс жобасына сәйкес келмеу фактілері анықталды. Осыған байланысты, сол жерде техникалық кеңес өткізілді, нәтижесінде тапсырыс беруші мен бас мердігердің өкілдерін ескертумен түсініктемелер берілді.

Рейд нәтижесінде нұротандықтар тапсырыс берушіге және қала құрылысын бақылау бөліміне анықталған ескертулерді жою туралы ұсыныс хат жібереді.

Екінші құрылыс алаңы да аяқталуы жағынан артта қалып отыр. Мердігердің инженері мұны карантин кезінде жұмыстың көп бөлігі тоқтатылғандығымен түсіндірді, бұл нысанда тағы екі ай жұмыс артта қалды.

Сондай-ақ, тексеру барысында комиссия мүшелері отандық өндіріс материалдарын сатып алуына назар аударды.

 

Жалпы, Бостандық ауданында партия мүшелері «Құтты мекен» ұлттық жобасын жүзеге асырудың тоғыз нысанын бақылайды.

Партиялық жоба шеңберінде әлеуметтік бақылау және әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды жөндеуге, салуға партиялық бақылау және мониторинг жүргізу бойынша жұмыс барлық жерде тұрақты түрде жүзеге асырылады, мұнда жергілікті ұсынымдар беріледі, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа, ұрлық пен лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығына тиімді қарсы тұруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.