Бостандық ауданында санитарлық тазалау және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда

Бостандық ауданында санитарлық тазалау және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда

Алматы қаласының Бостандық ауданында көшелерді, жол желісін, жасыл аймақтарды және қоғамдық инфрақұрылым нысандарын санитарлық тазалау мен күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстар күн сайын жүргізілуде. Аталған шаралар бекітілген кестеге сәйкес мердігер ұйымдар тарапынан атқарылуда.

Бүгінгі таңда КГП «Алматы Тазалық» мердігер ұйымының күшімен 6 көлік айрығында және 12 магистральдық көшеде жол жабынын тазалау жұмыстары орындалуда. Сонымен қатар ұзындығы 1500 метр болатын қоршауларды сырлау және шамамен 60 түп жасыл желекке санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа 130 жол жұмысшысы және 33 арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар «Жасыл-Жер Алматы» ЖШС күшімен көшелер мен жаяу жүргінші өткелдерінде жол жабынын тазалау, тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары жүргізілуде. Қосымша ретінде жалпы ұзындығы 3000 метр болатын арық желілерін санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарға 60 жол жұмысшысы және 20 арнайы техника тартылған.

Ал «Stamp Service» ЖШС тарапынан саябақтар, скверлер, бөлгіш жолақтар, қоғамдық орындар, сондай-ақ Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын тазалау және күтіп ұстау жұмыстары орындалуда. Аталған жұмыстарға 130 жол жұмысшысы мен 33 арнайы техника жұмылдырылған.

7 жерүсті және 12 жерасты жаяу жүргінші өткелін күтіп ұстау жұмыстары «ЕвразияКазИнвест» ЖШС күшімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта өткелдерде сырлау, жуу-тазалау жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ гранит қаптамалары мен металл конструкцияларының зақымданған элементтеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалуда.

Сонымен қатар «Qamqor Amanat» МҚҰ қоғамдық бірлестігі Бостандық ауданы аумағындағы 7 санитарлық-гигиеналық торапты күнделікті негізде тазалау және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде. Нысандар тәулігіне 52 ретке дейін тазаланады.

Бостандық ауданы әкімі аппараты санитарлық тазалау, абаттандыру және қалалық инфрақұрылым нысандарын тиісті жағдайда ұстау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқанын және тұрақты бақылауда екенін хабарлайды.