
Алматы қаласының Бостандық ауданында көше-жол желісінің асфальтбетон жабынын ағымдағы жөндеу және жол жабынындағы ақауларды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Клочков, А. Кекілбайұлы және Түркебаев көшелерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта жұмыстар Прокофьев көшесінде (Абай даңғылынан оңтүстік бағытта) жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік желілердің қарау құдықтарының 1000-нан астам қақпағын ауыстыру жоспарланған.
Жөндеу жұмыстарының негізгі көлемі ағымдағы жылдың сәуір–мамыр айларына жоспарланып отыр, әрі қарай жаз мезгілінде жалғасады. Атқарылып жатқан шаралар ауданның жол инфрақұрылымының пайдалану жағдайын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.