Бостандық ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

Бостандық ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

2026 жылғы 7 сәуірде Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары аумақты дамыту және қалалық ортаның сапасын жақсартуға қатысты өзекті мәселелер мен ұсыныстарын тікелей жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Қабылдауға салалық бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандар қатысып, әрбір өтініш жедел қаралып, нақты шешу шаралары айқындалды.

Бостандық ауданы әкімі аппараты азаматтармен тұрақты кездесулер тәжірибесін жалғастырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру, абаттандыру және ауданның дамуына қатысты мәселелерді жүйелі түрде шешу бағытындағы жұмысын жалғастырады.