Қаскелеңде өткен аудандық волейбол жарысында «Бостандық» ардагерлер командасы І орынды иеленді

Қаскелеңде өткен аудандық волейбол жарысында «Бостандық» ардагерлер командасы І орынды иеленді

Кеше Қаскелең қаласында волейболдан аудандық жарыс өтті. Аталған спорттық додаға шақырту алған Алматы қаласы Бостандық ауданының «Бостандық» ардагерлер волейбол командасы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша «Бостандық» командасы финалдық кезеңде Қаскелең ауданының командасымен тартысты әрі шешуші ойында кездесіп, 3:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Нәтижесінде команда жарыстың І орын жүлдесін иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Команда капитаны – Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің спорт жөніндегі комиссия төрағасы Қ. Ермеков.

Айта кетейік, аталған жарыс Тәжік-ауған шекарасынан Жеке құрама атқыштар батальонының шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Турнирдің басты мақсаты – ардагер спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және тарихи маңызы бар оқиғаны еске алу.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.