Ауданында журналистер аллеясы пайда болды

Ауданында журналистер аллеясы пайда болды

Бостандық ауданында Абай даңғылының бойымен Жароков пен Гагарин көшелерінің арасындағы журналистер аллеясы пайда болды.

Шараға Алматы қаласының 11 басылым журналистері қатысып, 175 талғын ағашын отырғызды. Талшын Алматы қаласы климатына жайлы ағаш. Ол өте баяу өседі. Оның кішкентай тамыр жүйесі бар және тереңге созылмайды.

Іс-шара жасыл экономика бөлімінің бастамасымен аудан әкімі аппаратының қолдауымен барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізілді.

«Қазір ағаш отырғызу маусымы. Биыл біз бір маусымда 250 мың ағаш отырғыздық. Бұл соңғы 20 жылда бірінші рет болып отыр. Алдыңғы уақытта ең көп дегенде 40 мың ағаш отырғызылды», - дейді жасыл экономика бөлімінің бастығы Наталья Левинская.

Оның айтуынша, көгалдандырудан басқа мердігерлер жыл бойына ағаштарды күтуге міндетті: суару, қажет болса санитарлық кесу, тамыр жаймаса ағашты екіншісіне ауыстыру сияқты.