#JasylAlmaty Акциясы жалғасуда

#JasylAlmaty Акциясы жалғасуда

2020 жылы #JasylAlmaty акциясы аясында Алматы қаласында 265 мың ағаш отырғызуды жоспарланған. Бостандық ауданында  500 ағаш отырғызылмақ.

Өткен демалыс күндері Алматы Энергетика және Байланыс Университеті Бостандық ауданы әкімі аппаратымен бірлесіп Тұңғыш Президент саябағында 45 қырым қарағайын отырғызды.

Сондай-ақ, күз айларында әрбір қамқор алматылық бұл акцияға қатыса алатындығын еске саламыз, бұл үшін сіз қай жерде бос аймақ бар екенін көрсетуіңіз керек - мысалы, ағаш отырғызуға болатын үйдің немесе көшенің жанында. Өтініштер мен ұсыныстарды @uze_almaty қалалық жасыл экономика бөлімі қабылдайды.