Бостандық ауданында «Отбасы-Жасөспірім-Көше» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Бостандық ауданында «Отбасы-Жасөспірім-Көше» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қала көшелері мен қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын-алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 19-21 қазан аралығында Бостандық ауданы ІІБ ювеналды полициясы «Отбасы-Жасөспірім-Көше» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізуде.

«Отбасы-Жасөспірім-Көше»  ЖПШ  кәмелетке толмағандардың заңсыз мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша әлеуметтік-профилактикалық шараларды жүзеге асыруға бағытталған; балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Іс-шара аясында Бостандық ауданы ІІБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларды тексеру мақсатында рейд өткізуде. Сондай-ақ, мас күйінде көшеде және қоғамдық орындарда жүрген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған, атап айтқанда түнгі уақытта ересек адамсыз көшеде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара барысында ювеналды полиция қызметкерлері ЮПБ-де есепте тұрған кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша рейд жүргізіп, алкогольді ішідіктерді асыра пайдаланатын жұмыс жасамайтын отбасын анықтады.

Осы санаттағы отбасылар мен жасөспірімдерді анықтау, олармен жұмыс, көмек көрсету - бұл іс-әрекеттің негізгі міндеті.

Анықталған отбасы және жеткіншектермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.