Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Бүгін Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Офлайн байланыс тұрғындармен кері байланыс орнатуға, олардың сұрақтарын тыңдап, тез арада шешім шығарып көмектесуде қолайлы шара.

Аудан басшысымен кездесуге 7 адам жазылған. Сұрақтардың көпшілігі ауланы абаттандыру мен көшелерді жарықтандыруға, ағаштарға санитарлық кесу жасауға қатысты болды.

Қабылдауға ТКШ бөлім басшысы қатысты, оған аудан басшысы мәселелерді одан әрі шешу үшін нақты тапсырмалар берді.

Азаматтардың барлық өтініштері ерекше бақылауға алынды!

Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдау әр сейсенбі күні сағат 10.00-де өтетінін хабарлаймыз. Алдын ала  жазылу 275-43-80, 274-82-22 телефон нөмерлері арқылы жүзеге асырылады.