Қарттар айлығы жалғасуда

Қарттар айлығы жалғасуда

1 қазанда Қазақстанда қарттар күніне арналған айлық басталады. Алматы қаласының барлық аудандарында аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған шаралар өткізілуде. Оның ішінде амбулаториялық-емханалық мекемелерде «ашық есік күндері», «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылуда.

Бостандық ауданы әкімінің аппараты аудандағы ұзақ өмір сүруші (100 жас және одан жоғары) Коваль Людмила Владимировна, Ткаченко Евдокия Павловна, Жукова Мария Егоровна, Пак Раиса Васильевнаны және барлық қарияларды үйлеріне барып құттықтады.

Бүгінгі күні ауданда 103 339 адам зейнетақы мен жәрдемақы алушылар, оның 41 238- зейнетақы алушылар, оның ішінде 9-Ұлы Отан соғысының мүгедектері, 25-Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 11-Блокадников Ленинградта, 5-фашизм тұтқыны және 2613 - еңбек майданына қатысушылар , 100 жастан астам 4 адам, I және II топтағы мүгедектер - 1022 адам.

Шара Қазан айы бойы жалғасады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2 миллионнан астам зейнеткер тұрады. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайынғы индекстеу нәтижесінде 7% өсті, базалық зейнетақының өсуі 5% құрады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тағайындалған зейнетақы мөлшері қосымша тағы 5% индекстелді, бұл бірге базалық зейнетақының 10% -ға, ынтымақты зейнетақының 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 12% -ға өсуін қамтамасыз етті.