Бостандық ауданы бойынша кәмілетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведмствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Бостандық ауданы бойынша кәмілетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведмствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

2020 жылдың 09 қазанында Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші залында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмілетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Бостандық ауданы бойынша ведмствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Үш материал Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторларымен ұсынылды, төртіншісі – № 45 ЖББМ КММ директорымен ұсынылды.

Балалармен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша, комиссия тиісті шешім орындау үшін қабылдады.

Комиссия отырысы бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ережелеріне сәйкес өткізілді.