Тұрғындар өздерінің жобалық ұсыныстарына өтінімдерді ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін бере алады. Өтінімді budget.open-almaty.kz. арқылы беруге болады.
Алматы қаласының "Бюджетке қатысу" жобасының негізгі мақсаты азаматтардың бастамасы мен ұсыныстарының негізінде қала мен аудандардың аумақстарын дамыту және көріктендіру болып табылады.
Қала тұрғындарының бастамаларына Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері өз бағаларын береді. Алматылықтар ашық талқылау және дауыс беру арқылы қала бюджетін қайда бағыттау керектігін анықтайды.
Егер бастаманы басқа тұрғындар дауыс беру барысында қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бір өтінім 55,5 млн.тенгеден аспауы тиіс. Қаржыландырудың жалпы төлемі6,4 млрд теңгені құрайды- қаланың әр бір ауданына 800 млн теңге Өткен жылы әр ауданға 500 млн, теңге.
Биылғы жылы өтінім беру алгоритімі мен шарттары жеңілдетілгенін атап өткен жөн. Өз жобаларын ұсынатын тұрғындар сметаны немесе эскизді қоспай, оның орнына ұсынылған стандартты құжаттардың бірін таңдай алады немесе интернеттен суреттерді жүктей алады Бұл арнайы білімі жоқ кез келген қала тұрғынының өз идеясын ұсына алатындығы және өз ауданын жақсартуға және қалалық ортаны дамытуға өз үлесін қоса алады дегенді білдіреді.
Сұрақтар бойынша +7 (727) 224-39-29, ішкі 203 номері немесе budget@almatydc.kz электронды пошта арқылы жолдауға болады. Дауыс беру және бастамалаларды іріктеу budget.open-almaty.kz. порталында онлайн өтеді.