Бостандық ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімнің орынбасары Маржан Балбаеваның төрағалығымен аудандық емханалардың бас дәрігерлерімен және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен «Алдағы жылдары Бостандық ауданында дәрігерлік амбулаториялардың даму перспективалары туралы» кездесу өтті.
Кез-келген денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты - халықты қол жетімді, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, жалпы қоғамның және әрбір азаматтың денсаулығын жақсарту.
Кездесу барысында медицина қызметкерлері тегін медициналық көмекті ұйымдастыру, жеке медицинаны дамыту, міндетті медициналық сақтандыру проблемалары, медициналық қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету, кадрларды даярлау мәселелерін талқылады және медициналық қызметтерді көрсетудің аумақтық шекараларын анықтады.