Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы Еркінбекова Р.Ш. төреғалығымен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған тұрақты семинар-кеңестер өткізіліп отырады.
Келесі іс-шара мемлекеттік қызметшілердің Этика кодексі талаптарының сақталуы, қызметтік міндеттерді дұрыс орындамаудың алдын алу, сондай-ақ орындаушылық және еңбек тәртібін нығайту мәселелеріне арналып өткізілді.
Сондай-ақ, қызметкерлерге қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік, құқық қорғау органдары тарапынан қабылданатын шаралар және сыбайлас жемқорлыққа қатысу салдарлары туралы түсініктемелер берілді.