Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №113 ө/нқ өкімімен бекітілген
2026 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі
|
№ р/с |
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың бағыты |
Проблеманың қысқаша сипаттамасы
|
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Грант түрі және оны іске асыру мерзімі |
Грантты іске асыру аумағы (осы Тізбенің 6-тармағына сәйкес)
|
Нысаналы индикатор және күтілетін нәтижелер |
Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар (ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)
|
|
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты |
||||||||
|
1 |
азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу; |
«Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде Алматы қаласы Бостандық ауданы тұрғындарының медиасауаттылығын дамыту |
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы және «Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде аудан тұрғындарын мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы уақтылы әрі сапалы хабардар ету мәселесі өзекті болып қала береді. Бұл жұмысқа жергілікті қоғамдастық өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды және белсенділерді тарту қажет. Сонымен қатар, бүгінгі күні әкімдік басшылығының, мердігерлердің, сарапшылардың және тұрғындардың қатысуымен сұхбаттар, подкасттар мен пікірталастар өткізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін кәсіби алаң жоқ, бұл мемлекеттік бағдарламаларды егжей-тегжейлі түсіндіру және халықтан кері байланыс жинау мүмкіндігін шектейді. Қызметкерлердің медиакоммуникация мәселелеріндегі құзыреттілік деңгейінің жеткіліксіздігі және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлермен баспасөз турлары және семинар-тренингтер арқылы өзара іс-қимылдың әлсіздігі байқалады. Осыған байланысты үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар тетігі арқылы ақпараттық сүйемелдеу мен медиақолдауды дамытуға бағытталған кешенді және жүйелі жобаны іске асыру қажеттілігі туындайды.
|
7 920 000 |
1 қысқа мерзімді грант, 2026 жыл |
Алматы қаласы Бостандық ауданы |
Нысаналы индикатор: 1. Жобамен тікелей қамту: жобаны іске асыру шеңберіндегі ағартушылық және идеологиялық іс-шараларға тартылған кемінде 200 адам.
2. Семинарларға, тренингтерге және жобаның өзге де іс-шараларына қатысу қорытындысы бойынша білім деңгейінің артқанын оң бағалаған жоба қатысушыларының үлесі – кемінде 70%. 3. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жобаның ақпараттық қамтылуы кемінде 100 000 қаралымды, сондай-ақ ауданның YouTube арнасындағы подкаст қаралымы кемінде 50 000 қаралымды құрауы тиіс.
Күтілетін нәтижелер: 1. Қоғамдық пікір көшбасшыларының, белсенді азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің инфрақұрылым, әлеуметтік, коммуналдық, мәдени және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар саласындағы медиасауаттылығын арттыру. 2.Бостандық ауданының бірыңғай, ашық және тартымды ақпараттық кеңістігін жүргізу (Instagram аккаунты бар), әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok, Threads) халықтың кемінде 60%-ын инфрақұрылымдық жобалар, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, жолдарды жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жаңғырту және ауданның өзге де әлеуметтік маңызы бар бастамалары, іске асырылып жатқан жобалар мен өткізілетін іс-шаралар туралы жүйелі, шынайы және жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету; ай сайын әлеуметтік желілер мен жаңалық порталдарындағы Reels, Shorts, TikTok форматтарына бейімделген кемінде 15 бейнеконтент бірлігін дайындау. (Тапсырыс берушімен келісім бойынша) 3. «Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін көрсету арқылы аудан тұрғындары арасында аудан әкімі аппараты қызметінің қоғамдық қабылдануына мониторинг жүргізіп, ай сайын кемінде 3 пікір-бейнеролик әзірлеу. (Тапсырыс берушімен келісім бойынша) 4. «Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде инфрақұрылымдық, әлеуметтік және коммуналдық жобаларды іске асырудың ашықтығы бойынша аудан тұрғындары мен жұртшылықтың қатысуымен ай сайын кемінде 1 мониторингтік шығу ұйымдастыру. (Тапсырыс берушімен келісім бойынша) 5.Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, жұртшылықтың және қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен ауданның инфрақұрылым, абаттандыру және әлеуметтік мақсаттағы объектілеріне кемінде 1 баспасөз турын ұйымдастыру және өткізу. (Тапсырыс берушімен келісім бойынша) 6.Медиакоммуникациялар, цифрлық платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы халықпен өзара іс-қимыл жасау, сапалы контент дайындау және мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру мәселелері бойынша кемінде 50 қатысушыны қамтитын кемінде 1 семинар-тренинг ұйымдастыру және өткізу. (Тапсырыс берушімен келісім бойынша) 7. Әлеуметтік желілерде сапалы профилі бар қоғамдық пікір көшбасшылары, тұрғындар және басқалар қатарынан медиакоммуникациялар саласындағы семинар-тренингке қатысушылардан кемінде 5 адамнан тұратын сараптамалық топты (кемінде 1 топ) қалыптастыру. 8.Арнайы жабдықталған подкаст студияларында мемлекеттік органдар, мердігер ұйымдар, жұртшылық және аудан тұрғындары өкілдерінің қатысуымен аумақты дамытудың өзекті мәселелері бойынша кемінде 3 подкаст түсіруді ұйымдастыру және өткізу, оларды әлеуметтік желілерде және ауданның YouTube арнасында орналастыру әрі кемінде 50 мың қамтуды қамтамасыз ету. (Тапсырыс берушімен келісім бойынша) 9. Жоба аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілердегі аккаунттардың логиндері мен құпиясөздерін Тапсырыс берушіге беру.
|
|
|
Барлығы |
7 920 000 |
|
|
|
|
|||