Көктем мен жаз мезгілдерінде табиғат аясында демалушылар саны артатындықтан, кене шағу жағдайлары жиілейді. Бұл кішкентай жәндік түрлі ауыр жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы бола алады.
Кене дегеніміз не?
Кенелер — өрмекші тәріздес, паразитті жәндіктер. Олар адамның және жануарлардың терісіне жабысып, қанын сорып тіршілік етеді. Ең қауіптілері — кене энцефалиті мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сияқты ауруларды тасымалдайтын түрлері.
Кене шаққанда байқалатын белгілер:
•Дене қызуының көтерілуі
•Бастың ауруы
•Әлсіздік, құсу
•Буын, арқа ауыруы
•Терінің қызаруы
Кене шағып алса:
•Дереу дәрігерге жүгініңіз
•Егер мүмкіндік болмаса, кенені жіңішке жіппен байлап, асықпай, бұрап алыңыз
•Қалған бөлігі теріде қалса, дәрігерге көрініңіз
•Қолыңызды жуып, шаққан орынды спиртпен немесе йодпен өңдеңіз
•Кенені жағып жіберіңіз немесе қайнаған суға салыңыз
Сақтану жолдары:
•Ашық түсті, жабық киім киіңіз, шалбарды етікке салып, бас киім киіңіз
•Арнайы репелленттер (аэрозоль, май) қолданыңыз
•Көк шөпте отырмаңыз, гүлдер мен шөптерді жұлмаңыз
•Табиғаттан келген соң, киімді қағып, денені, шашты мұқият тексеріңіз
Маңызды!
Кене энцефалиті жиі кездесетін аймақтарға барсаңыз, алдын ала вакцина салдыру ұсынылады (3 кезең: бастапқы, 5–7 айдан кейін, 12 айдан кейін).
Алматы қаласы бойынша кене шағу жағдайында барлық көпсалалы ауруханаларда тегін көмек көрсетіледі.
Қосымша ақпарат үшін:
Шұғыл желі телефондары: 3098710, 3098930
Әуезов ауданы СЭББ басшы орынбасары
Жансеитова М.Ш