Қымбатты достар! Әуезов ауданының қадірлі тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мереке – қасиетті Отанымызда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен достығының, өзара құрмет пен түсіністіктің символы. Бірлік пен келісім – еліміздің нығаюына негіз болатын басты құндылықтар.
Тарихи түрде қалыптасқан мәдени әралуандылық — қазақстандық бірегейліктің ажырамас бөлігі және бейбітшілік пен үйлесімді дамудың берік іргетасы. Ортақ мұраттар мен өркендеуге деген ұмтылыс бізді біріктіріп, тәуелсіз еліміздің дамуы мен гүлденуіне ықпал етуде.
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық пен ашық аспан тілеймін!
Ізгі ниетпен, Абзал Егембердиев