Әуезов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік этноконцерт өтті. Бұл жарқын шара этномәдени орталықтар өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, достық пен келісімнің шынайы символына айналды.
Концерттік бағдарламада түрлі этнос өкілдері ұлттық әндер орындап, әсерлі билерін ұсынды. Әрбір қойылым өз халқының салт-дәстүрі мен мәдени байлығын паш етті. Сахнада ерекше жылы, әрі мерекелік атмосфера орнады.
Шара аясында ұйымдастырылған этнокөрме көпшіліктің назарын аударды. Этномәдени бірлестіктер ұлттық тағамдарын, киім үлгілерін, қолөнер бұйымдары мен тұрмыстық заттарын ұсынды. Әр павильон — сол халықтың рухани байлығы мен ерекшелігін танытты.
Бұл күн еліміздегі бейбітшілік пен өзара құрметтің маңызын тағы бір мәрте еске салды. Қазақстан халықтары арасындағы достық пен татулық мәңгі жасай берсін!