Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Жаяу жүргіншілерге арналған көпірлердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету және анықталған ақауларды жою мақсатында Саин және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Саин және Қойшыманова көшелерінің қиылысы мекенжайларындағы көпірлер 2025 жылғы 4 сәуірде уақытша жабылады.
Барлық қалпына келтіру жұмыстарын мердігер ұйым «СК АТТМ Групп» ЖШС міндеттемелері аясында өз қаражаты есебінен орындайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және балама жолдарды пайдаланып, бағытыңызды алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.