
Ет-адам ағзасы үшін ақуыздың негізі көзі болып табылатын өнім. Бірақ ақуыздан басқа, етте пайдалы дәрумендер мен минералдар да бар. Дегенмен, ет дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы болуы үшін ол балғын болуы керек. Бұзылған өнім тағамдық улануды тудыру мүмкін.
Еттің қауіпсіздігінің кепілі кеден одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КОТР 034/2013 техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларация. Ол үшін ет өнімдерін таңдаған кезде жапсырмалар мен жапсырмалардағы өнім туралы ақппаратты мұқият оқып шығу керек. Таңбалауда өндірушінің атауы, оның мекен-жайы, өнімнің шығарылған күні, оны сақтау шарттары мен мерзімі, сондай-ақ өнім түрі көрсетіледі.Сонымен қатар, еттің әрбір партиясы тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттармен және нөмірлері ілеспе құжаттары нөмірлерімен сәйкес келетін ветеринариялық мөрі болу керек
Сондай-ақ, еттің түсі мен иісіне назар аударыңыз. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сатушыдан тартынбай сұраңыз. Тағы бір айта кететін жайт, етті кездейсоқ сауда орындарынан көшеде, базар маңында, тас жол бойында белгісіз жеке саудагерлерден, тіпті мұндай жерлерде баға төмен болса да алмау керек.
Дәл осындай жерлерден сапасыз ет ғана емес, сібір жарасы, бруцеллез сияқты адам денсаулығына қауіпті дерттермен ластанған етті де сатып алу қаупі бар.
Сіздің денсаулығыңыз-өз қолыңызда!