Әуезов ауданының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірге аудан әкімі аппаратының және "АМАНАТ" партиясы филиалы өкілдерінің қатысуымен "ЖАТАҚХАНА" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде хостел басшылары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Түсіндірмемен Ақсай-1а шағынауданындағы, 17 үйдегі, Өтеген батыр көшесі, 285/3 үйдегі, Төле би көшесі, 298/1 үйдегі хостелдер және т.б. жатақханалар бойынша сақтанудың мән-жайы түсіндірілді. Өрт және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жасау туралы ақпараттық парақтар, газ плиталарын дұрыс пайдалану және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі брошюралар таратылды.