2023 жылғы 23 қарашада Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Кесебаева Балаиым Туғанбайқызымен Әуезов ауданы тұрғындарының кездесуі өтті. Мұндай бірлескен кездесулер тұрақты негізде өткізіледі.
Тұрғындар нотариаттық іс-әрекеттер, жылжымайтын мүлікті ресімдеу, алимент өндіріп алу, сот шешімінің негізінде сот актілерін орындау және т.б. мәселелері бойынша заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік алды.
Әділет департаментінің қызметкерлері қойылған сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берді, тұрғындардың өтініштері басшының бақылауына алынды.