Әуезов ауданындағы 118 аулада күрделі жөндеу жүргізілді

Әуезов ауданындағы  118 аулада күрделі жөндеу жүргізілді

Әуезов ауданының 161 ауласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 118 аулада жұмыс аяқталды, қалған 43 аула қараша айының соңына дейін аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

Сонымен қатар, 58 аулада (1,2, Ақсай-1, 2, 3Б, 4 шағын ауданы) ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс қазан айының соңында аяқталады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында 12 үйде шатыр мен инженерлік желілер жөнделді. 10 үйдегі 15 лифт ауыстырылды. Қалған 15 үйді жөндеу және 17 үйдегі 70 лифтіні ауыстыру осы жылдың қараша айының соңында бітеді.

«Қоғамдық кеңістіктерді одан әрі дамыту мақсатында Ақсай-4 шағын ауданындағы скверді абаттандыруды жоспарладық. Жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан осы жылдың қараша айында шығады деп болжанып отыр. Сонымен қатар, 11 қоғамдық кеңістік бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып келеді. Мемлекеттік сараптама осы жылдың қазан айында шығады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталып, IV тоқсанда аяқталады», - деді Ерболат Досаев.
ев.