Алматының Әуезов ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 16 жоба іске асырылды

Алматының Әуезов ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 16 жоба іске асырылды

Алматы қаласының Әуезов ауданында биыл «Халыққа қатысатын бюджет» бағдарламасы 34 жоба іске асырылады, оның 16-сы аяқталды. Жоба 2 кезеңмен өткізіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

«2 кезеңді іске асыруға 875 млн. теңге бөлінді, 18 жоба іріктелді. 10-ы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, 8-і бос учаскелерді абаттандыру. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Құрылыс қазан айында басталып, қарашада аяқталады деп жоспарланған», - деді қала басшысы.