Алматының Әуезов ауданында 38 км автоматты суару жүйесі орнатылады

Алматының Әуезов ауданында 38 км автоматты суару жүйесі орнатылады

Жасыл аймақтардың суарылуын ұлғайту үшін ұзындығы 38 км 13 магистральды көше бойына автоматты суару жүйесін орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.


Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталып, IV-ші тоқсанында аяқталады деп болжанып отыр.