Қала күніне орай ауданымызда қызықты, әрі мазмұнды алуан түрлі іс-шаралар өтеді. Осы аптадағы ең маңызды мәдени оқиғалар тізіміне назар аударыңыздар!
"Алматы-шабыт қаласы" Қуыршақ театры және эстрада жұлдыздары қатысуымен өтетін концерттік іс-шара!
Өтетін күндері: 2023 жылғы 15, 16 және 17 қыркүйек
Уақыты: 17:00
Орны: "Family park" Отбасылық демалыс саябағы
Біздің қызықты әрі әсерлі іс-шараларымызға қосылыңыз! Сізді күтеді:
Кітап көрмесі - "Алматы ән-Алматы жыр, Алматы-тарих"
"Сүйікті қалама арнау" шығармашылық оқырмандар байқауы
"Сағындым Алматымды" мерекелік концерттік бағдарламасы
"Жазушымен жүздесу" - авторлар кітап сүйер қауымға қолтаңбасы бар кітаптар сыйлайды
"Алтын сақа" - шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық және тағы басқа спорттық ойындар
Өтетін күні: 2023 жылғы 13 Қыркүйек
Уақыты: 11:00
Орны: Қазақстан Жазушылар кітапханасы, Алтынсарин даңғылы, 37
"Наталья Ильинична Сацқа 120 жыл" мемориалдық тақтасының ашылуы
Өтетін күні: 2023 жылғы 14 қыркүйек
Уақыты: 11:00
Орны: Н. Сац атындағы Театр, 12 ш / а. Шаляпин көшесі, 22
"Руслан мен Людмила" спектаклінің премьерасын жіберіп алмаңыз!
Күні: 2023 жылғы 15 қыркүйек
Уақыты: 19:00
Орны: Н. Сац атындағы Театр, 12 ш / а. Шаляпин көшесі, 22
Аудан жастары арасында "Алматы фотографтың көзімен" челленджіне қатысыңыз!
Өтетін күні: 2023 жылғы 17 Қыркүйек
Әлеуметтік желілерде
Аудан жастары арасында "Алматы туризмін дамыту" тақырыбындағы пікірталасқа қатысыңыз!
Өтетін күні: 2023 жылғы 15 қыркүйек
Мекен-жайы: Төле би даңғылы 287 А
Ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстарға қатысыңыз!
Өтетін күні: 2023 жылғы 16 қыркүйек
Уақыты: 11:00
Ауданның 33 мектебінде
Мәдени және ойын-сауық іс-шараларына толы осындай есте қаларлық оқиғалардан қалыс қалмаңыз! Сіздерді асыға күтеміз!