Cоңғы қоңырау

Cоңғы қоңырау
Құрметті ұстаздар, жас түлектер, мектеп оқушылары, сіздерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын!
 
Бүгінгі таңда ауданымыздың отыз үш мемлекеттік мектебінде 5 558 оқушы, он алты жеке меншік мектебінде 2 583 оқушы білім алады.
 
Мектеп бітіруші 3 016 түлектің 367 «Үздік аттестат», жүз қырық төрті «Алтын белгі» атағына үміткер болып отыр.
 
Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің еңселі болуына, келешекте ауданымыздың, еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенемін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын! Баршаңызға ақ жол тілеймін!