Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!

2023 жылдың 30 мамыры Төле би көшесі бойынша (пробивка) диаметрі 400 мм  су құбырын қайта құру жоспарына байланысты келесі шағын аудандардағы үйлерде судың берілуі тоқтатылады: «Таугүл - 1, 2», «Мамыр-1, 4, 5, 6, 7», «Алмас», «Атамекен», «Қуаныш», «Достық» шағынаудандары мен М.Кәрім, Цветочная, Ықылас, Тойбастар, Тайбұрыл, Пролетарская көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектетіледі.

Уақытша шектепу жұмыстары жобамен 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін созылады. Тұрғындарды сумен қамту үшін суды жеткізу ұйымдастырылады. Уақытша ыңғайсыздық туындатып отырған  осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.