Абаттандыру бойынша жобаларды талқылау жөніндегі кеңес

Абаттандыру бойынша жобаларды талқылау жөніндегі кеңес

Бүгінгі таңда қалалық жоспарлау және Урбанистика басқармасының бастамасымен ауданымыздың аумағында жайлы және қауіпсіз орта құру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 

Осы бастама аясында аудан бойынша 8 жобаны іске асыру көзделіп отыр, аталған мәселе жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткізілген жұмыс кеңесінде талқыланған болатын. 

Жоспарланған жұмыс түрлері келесі мекенжайлар бойынша өткізіледі:

Жандосов көшесі- Үлкен Алматы өзенінен Саин көшесіне дейін.
Момышұлы көшесі - Төле би көшесінен Шаляпин көшесіне дейін.
Саин көшесі - Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін. 
Абай даңғылы- Момышұлы көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейін. 
Шалов көшесі бойындағы бульвар.
Алтынсарин даңғылы (әзірлену үрдісінде).
Райымбек даңғылы - Қарғалы өзенінен Үлкен Алматы өзеніне дейін (әзірлену үрдісінде).

Тұрғындарға отбасылық демалыс және белсенді спорт түрлерімен айналысу үшін қауіпсіз жағдайлар жасау арнайы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен бірге, шағын сәулетті нысандарды, қоқыс жәшітерін, орындықтарды орнату, бейнекамераларды бекіту арқылы көшелердің жарықтануын жаңарту және жасылдандыру бойынша да жұмыс түрлері орындалады.