Ауданды абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді жетілдіру мақсатында жұмыс сапары өткізілді

Ауданды абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді жетілдіру мақсатында жұмыс сапары өткізілді

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының бірінші кезеңі аясында ауданды абаттандыру және ауданның қоғамдық кеңістіктерін жетілдіру мақсатында жұмыс сапары өткізілді. Осы қоғамдық орындардың пайдалы және жайлы болуы әрбір тұрғын үшін өте маңызды.

Жоспарланған жұмыс түрлері тұрғындардың жеке пікірлерін есепке алу арқылы жүргізілуде. Осы орайда мердігерлік ұйымдарға жұмыстың қарқынын жылдамдату және жобаларды сапалы түрде жүзеге асыру туралы бірқатар тапсырмалар берілді. Орындалатын жұмыс нәтижелері тұрғындарға жаңартылған және жетілдірілген қоғамдық кеңістік түрлерін қысқа мерзім ішінде пайдалана алуына мүмкіндік береді.

Осы жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша 16 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, ал бағдарламаның екінші кезеңіндегі 18 жоба қарастырылу үрдісінен өтуде.