Аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында, аудан тұрғындарының тарапынан: тұрғын үй, аула аумақтарын көріктендіру, әлеуметтік тұрғыдағы және тағы да басқа мәселелер қозғалды.
 
Аудан әкімі сұрақтардың барлығына заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар беріп, орындалуын жеке бақылауына алды.
 
Естеріңізге сала кетсек, азаматтарды қабылдауға Әуезов ауданы әкімі аппаратының фронт-офисінің 8(727)347-04-79 нөмірі бойынша жазылуға болады.