Қамқөңіл балалар қуанды

Қамқөңіл балалар қуанды
Жыл сайынғы «Жылды қайырымдылықтан баста» акциясы аясында Алматы қаласы «Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының "Парасат"» әлеуметтік қызмет орталығында балаларға естелік сыйлықтар берілді.
 
Марапатқа Шәмші Беркімбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының 10 "В" сынып оқушылары, лицей директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Элмира Төрегелдиева, сынып жетекшісі Ақерке Алпысбаева және белсенді ата-аналар келді.
 
Әуезов ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Айгүл Сансызбаева құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар мен ата-аналарға зор денсаулық, бақыт және отбасылық амандық тіледі.
 
Акцияның мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлау.