Қарттарымыз - асыл қазынамыз!

Қарттарымыз - асыл қазынамыз!
Сталинград шайқасының аяқталғанына 80 жыл толуына орай аудан әкімінің орынбасары Айбол Өмірбеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батима Ибраева Сталинград шайқасына қатысушы Василя Абдрахованы құттықтады.
 
2023 жылғы 2 ақпанда Сталинград шайқасының аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысы кезінде бүкіл әлем Кеңес әскерлерінің мызғымас рухын, батылдығы мен жігерін көрді.
Әбдірахова Василя Кадимовна 1927 жылы дүниеге келген. Ол Сталинград ауруханасында медициналық көмек фельдшері болды.
 
Соғыс басталған кезде Василя Кадимовна небәрі 13 жаста еді, бірақ өзінің батылдығы мен табандылығының арқасында соғысты соңына дейін аяқтап, кеңес жауынгерлерінің өмірін сақтап қалуда өлшеусіз үлес қосты. Батырлығы мен асыл еңбегі үшін ол түрлі марапаттарға ие болды. Соның ішінде Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
 
Біз Василя Кадимовнаны, сондай-ақ әрбір соғыс ардагері мен тыл еңбеккерін Отанымыздың бейбітшілігі, тыныштығы, ар-намысы мен бостандығы сақталған жауынгерлік және еңбектері үшін шын жүректен құрметтейміз.
 
Сіздерге мәңгілік тағзым!