Коммуналдық қызмет коғамдық жұмысшыларына жүрек жалғар ыстық шайлық ұйымдастырды

Коммуналдық қызмет коғамдық жұмысшыларына жүрек жалғар ыстық шайлық ұйымдастырды
Әуезов ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі жан салып қар тазалап жатқан коммуналдық қызмет коғамдық жұмысшыларына жүрек жалғар ыстық шайлық ұйымдастырды.
 
Қар тазалап жатқан жұмысшыларды қолдап, өз үлестерін қосып жатқан ауданымыздың кәсіпкерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.
 
Өйткені, қала көшелерін тазалап, халықтың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайтын коммуналдық сала қызметшілерінің жұмысы әдетте байқалмай жатады.
 
Таңнан кешке суық күнге қарамай тоқтаусыз жұмыс атқаратын азаматтардың жұмысы айрықша мәнге ие.