Алматы тұрғындары «Тағзым» мемориалына гүл шоқтарын қойды

Алматы тұрғындары «Тағзым» мемориалына гүл шоқтарын қойды
Қала тұрғындары қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, «Тағзым» мемориалының стелласына гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге қала басшысы, қоғам қайраткерлері және т.б. қатысты.
Дін қызметкерлері марқұмдардың рухына құран бағыштап, бейбітшілік пен келісімнің маңызы туралы уағыз айтты. Жиналғандарға мешіттердегі асқа бару үшін көлік дайындалды. Бүгін қала мешіттерінде құрбандық шалынып жатыр.