Әуезов ауданының туристік картасы жаңа объектімен толықтырылды

Әуезов ауданының туристік картасы жаңа объектімен толықтырылды
Apart-hotel ауданда қонақтарды орналастырудың жаңа форматы болып табылады. Бұл тәсіл бірнеше тұжырымдамалар мен форматтарды бірыңғай инфрақұрылыммен біріктіруге мүмкіндік береді. Қонақтарға кешенді кеңейтілген қызмет алудың барлық мүмкіндіктері қарастырылған.
Жаңа Apart-hotel бөлмелерінің дизайны еуропалық стандартқа сай жобаланған. Қонақ үй 2022 жылдың желтоқсан айында ашылады.
Аталған қонақ үйдің аумағы 8897 ш.м2 құрайды. Бөлме фонды-72. Қонақ үй тұрғындарына барынша қолайлы және сапалы жағдай жасау мақсатында, 2 мейрамхана, фитнес орталығы, жер асты автотұрағы қарастырылған.
Аудан әкімі Сайран Сайфеденов ауданымызда жаңадан бой көтерген, сәулеттік және экономикалық маңызы бар нысанның басшысымен кездесті.
Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту мәселелері көтерілді. Қазіргі таңда жұмыс тапшылығы-әлеуметтік күрделі мәселелердің бірі табылады. Еңбек нарығының ең маңызды қажеттіліктері-техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды жұмыспен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, кәсіби мамандарға қызмет көрсету саласының сұранысы әрқашан жоғары.
Аталған Apart-hotel қонақ үйінің еңбек ресурсын ескере отырып, аудан әкімі ауданда орналасқан техникалық және мамандандырылған колледж түлектерінің жоғарғы және кәсіби біліктіліктерін атап өтті. «Ел тірегі-жастар» демекші, аудан жастарын жұмыспен қамту мәселелері алдағы уақытта өз арнасын табады.