Аудан әкімі «Жұмыс берушілер» күніне арнайы ұйымдастырылған мастермайндқа қатысты

Аудан әкімі «Жұмыс берушілер» күніне арнайы ұйымдастырылған мастермайндқа қатысты
“Алматы қаласының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар” колледжі МҚҚК базасында жұмыс берушілер күніне орай, кәсіби мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастықты құру мақсатында “Time with employers” мастермайнд өткізілді.
Аталған іс-шараға аудан әкімі Сайран Сайфеденов қатысты.
Жұмыс берушілер тарапынан Алматы қаласы бойынша ең үлкен кәсіпорындар мен компаниялардың, индустриалды сала өкілдері қатысты.
Колледж студенттерінің кәсіби шеберліктерін айқындау және болашақта жас түлектерді жұмыспен қамту мақсатында, жұмыс берушілерге арнайы экскурсия ұйымдастырылды.