Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

9 қараша күні сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін «Адал көмек» жобасы аясында денсаулық сақтау саласы бойынша азаматтарды қабылдау өтеді.

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Заң консультациясын Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Шаметеков Иран Маратұлы көрсетеді.

Өтетін орны: №12 Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (Алматы қ., Жандосов көшесі 6).

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефондары: WhatsApp +7(775) 628 62 87