Алматыда сайлау учаскелерінің мекенжайлары мен нөмірлерін тексеру үшін Call-орталық іске қосылды

Алматыда сайлау учаскелерінің мекенжайлары мен нөмірлерін тексеру үшін Call-орталық іске қосылды

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды, ол бойынша 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады, деп хабарлайды корреспондент Almaty.tv.

Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталықтың жұмыс уақыты-демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін.

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының Мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімінде өзін тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.

Ұқсас қызмет Telegram-bot (@almaty_sailau2022_bot) арқылы да іске қосылды.