Өмір - бұл қозғалыс!

Өмір - бұл қозғалыс!
Аудан зейнеткерлері арасында скандинавиялық жүруден «Қарттарым аман сау болсын» атты жарыс өтті.
Аталған іс-шараны Әуезов ауданы әкімінің аппараты «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Скандинавиялық серуендеу – бұл арнайы жасалған таяқшалардың көмегімен белгілі бір серуендеу әдісін қолданатын сауықтыру жаттығуларының заманауи түрі болып табылады.
Сауықтыру шарасының мақсаты - қарт адамдар арасында денсаулықты нығайту, спорттық мәдениетті қарқынды қалыптастыру.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.