«Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті

«Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.
Жиында зейнеткерлер үшін сурет салу, скандинавиялық серуендеу, би және компьютерлік оқыту сабақтары өткізілді.
Сондай-ақ, еріктілер барлық тілектерін ескере отырып зейнеткерлердің шашын қысқартып, әртүрлі шаш үлгілерін жасап берді.
Шараны Әуезов ауданы әкімінің аппараты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар айлығы аясында ұйымдастырды.