Шахмат ойнау – белсенді ұзақ өмір сүрудің жолы

Шахмат ойнау – белсенді ұзақ өмір сүрудің жолы

Әуезов ауданы әкімінің аппараты AMANAT партиясымен бірлесіп "Шаңырақ" әлеуметтік орталығында аудан қарттары арасында шахматтан байқау ұйымдастырылды.

Шахмат ойыны – ой қабілеттерінің толық шоғырлануы мен кернеуін талап етеді. Бұл спорт когнитивтік функцияларды белсендіруге, есте сақтауды, зейінді және шешім қабылдауға жауапты ми қыртыстарын дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ ағзаның қартаюын баяулататын қасиетке ие.

Спортттық шараның мақсаты – егде жастағы адамдарды спортқа тарта отырып, оларды әлеуметтендіру, қоғамдағы рөлін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншыларға арнайы грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.